Вакцина алардан бұрын нені жеуге болмайды?

771

0

Ресейлік гастроэнтеролог Никита Харлов коронавирусқа қарсы вакцина алардан бұрын бірқатар өнімдерді қолдану денсаулықтың нашарлауына әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Жанама әсерлердің ықтималдығын азайту үшін дәрігер артық тамақтанбауға, сондай-ақ гастрономиялық эксперименттер жүргізбеуге кеңес берді, – деп жазады zakon.kz. Маманның айтуынша, вакцина алардан бұрын жаңа тағам жемеу керек, яғни бұрыннан үйренген тағамды ғана жегеніңіз абзал.

Сонымен қатар көмірсудың көп мөлшері бар тағамдардың санын шектеу керек: тәттілер, картоп, нан, жарма.

«Вакцина алардан бұрын тәттіге тыйым салған жөн, өйткені қандағы қант жоғары болады. Егер қант жоғары болса, онда адамға вакцинаның әсері қиын тиеді», – деді Харлов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<