Вакцинациялау алдағы жылы басталады

564

0

Аймақта наурыз айынан бері  COVID-19 коронавирус инфекциясымен барлығы 3296 адам тіркелді. Оның  99 проценті (3255) жазылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияның екінші толқыны туралы болжам айтты. Мемлекет басшысының індеттің жаппай тарауының алдын алуға қатысты тапсырмасына байланысты облыс әкімінің бақылауымен арнайы іс-шаралар қабылданып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Ысқақов баяндады.

– Бүгінде барлығы 210 инфек­циялық төсек-орын жұмыс істеуде, жүктеме – 7,1%. Оның ішінде 38-і реани­мациялық  төсек-орын. Қазіргі кезде жансақтау бөлімінде 2 науқас ем алуда. Инфекциялық стационар­лар­дың реанимация бөлімінің құралдармен жабдықталу көр­сеткіші 11 айдың қоры­тын­дысымен 75%-тен 86%-ке дейін жоға­ры­лады. Ахуал күрделенген жағдайда облыста барлығы қала және аудандарды қосқанда 3200 төсек-орын ұйымдастыруға мүмкіндігіміз бар. Сонымен қатар, жалпы құны 6,3 млрд теңгені құрайтын модульдік аурухана құрылысы аяқталуға жақын. Медициналық құралдармен жабдықталу жыл басында 85%-ті құраса, 11 айдың қорытындысымен 88,5%-ке жетті, – деді ол.

Эпидмаусым басталғанда аймақта бар­лығы  76 өкпені жасанды желдету аппараты болса, бүгінде  244-і бар. Қосымша республикалық бюджеттен 7 аппарат келеді деп күтілуде. Медициналық ұйымдарға гуманитарлық көмек арқылы 682 оттегі концентраторы жеткізілген. Сонымен бірге медициналық мекемелердің барлығы 100% (1418) пульсоксиметрмен қамтамасыз етілген. Бүгінде 9 ПТР аппараты жұмыс істейді, тәулігіне 1000-нан астам сынама алынуда. Қажеттілік туындағанда зерттеу санын 2000-ға дейін жеткізуге мүмкіндік бар.

–    Облыста келер жылдың I жартысы­нан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялауды бастау жоспарлануда. Бүгінде дайындық жүргізілуде. Об­лыс халқының 70%-і вакцинациямен қам­тылатын болады.  Биыл медициналық ұйымдарға 99 жас маман жұмысқа қабыл­данды. Алғаш рет 99 маманның 39-на 500 АЕК көлемінде көтермеақы беріледі.

Атқарылып жатқан жұ­мыстар мен өңірдегі эпи­де­миологиялық ахуалдың тұрақ­тылығы тұрғындардың босаңсуына себеп болмауы керек. Баршаңызды әлі де сақтық шараларын қатаң сақтауға шақы­рамын! Енгі­зілген шектеулерге әр азамат жауап­кершілікпен қарауы тиіс, – деді О. Ысқақов.

Айнұр БАТТАЛОВА,

«Сыр бойы»

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз