Вакцинаны шығарған еліне қарап таңдау дұрыс па?

738

0

Денсаулық сақтау министрлігі өткізген онлайн дәрісте белгілі аллерголог-иммунолог Рафаил Розенсон вакцина таңдауда нені басшылыққа алу керектігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Вакцина таңдаған кезде өзіңіз нені қалайтыныңызды ойлап, өлшемдер белгілеп алыңыз. Ең бірінші не қажет? Барынша тиімді болғаны керек пе? Ұзақ уақыт жарамды болғаны маңызды ма? Қауіпсіздік дәрежесі қандай? Егер бірінші орынға қауіпсіздікті қойсаңыз, жансыздандырылған, инактивті вакцинаны таңдаңыз. Бұл – біздің жағдайда QazVac немесе Sinovak. Егер бірінші орында сіз үшін сенімділік пен ұзақ уақыт жарамдылық тұрса, ресейлік «Спутник V»-ді таңдаңыз. Ал егер басқа да өлшемлер маңызды болса, мақтанып қалғыңыз келу мүмкін, Америкаға барып, Pfizer немесе Moderna вакцинасын салғызудың амалын табыңыз», – деді дәрігер.

Сарапшы қазір қолданыстағывакцинаның ешбірін 100 пайыз идеалды деп бағалауға болмайтынын ескертті.

«Әр адам вакцина таңдар кезде өзіңізге тізбелеп шықсаңыз да идеалды вакцина табылмайды. Үйіңізге Pfizer-ді тегін әкеп берудің мүмкіндігі жоқ. Оны -80 градус температурада ұстау керек. Ондай мүмкіндікгі бар тасымалдаушы жоқ біздің елде. Қолда бар вакцинаның ішінен таңдаңыз. Қазір кейбір елдерде «Спутник V»-дің өзі тапшы болып жатыр. Сегіз ай бұрын коронавирустың құрсауынан шығатын жалғыз жол вакцина екенін айтқанымда мені желі қолданушылар жеп қоя жаздаған. Ал қазір жағдай өзргерген. Мені сол қуантады», – дейді дәрігер.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<