Жағдай тұрақталғанмен, босаңсуға болмайды

574

0

Облыста коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова хабарлады.

Пандемия басталғалы өңірде 6622 жағдай тіркеліп, 4485 ошақ анықталған. 25 мамырдан бастап облыс эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «жасыл» аймақта. Осы ретте әлеуметтік-экономикалық нысандар және кәсіпкерлер өз жұмыстарын биылғы жылдың 15 мамырдағы №14 қаулыға сәйкес жүргізуде.


Дегенмен, босаңсуға негіз жоқ. Қатаң сақтық шаралары әлі де күшінде. Мониторингтік топтар карантин режимінің сақталуын бақылауда. Жыл басынан бері 167 мониторингтік топ рейдтік шара кезінде 9190 нысанды тексерді. Нәтижесінде карантин талаптарын бұзған 302 жағдай анықталып, 21 млн теңгеден астам айыппұл салынды.


Облыста азаматтарға «Спутник V», «Hayat Vax» және «QazVac» вакциналары салынуда. Иммундау науқанына 19 екпе қабинеті, оның ішінде аудандарда 9 кабинет қарастырылды.

Бұдан бөлек, 10 жылжымалы пункт қойылды. Кабинеттер арнайы талапқа сай, мұздатқыш жабдықтармен қамтылған. Науқанға 130-дан астам медицина маманы тартылды.


Департамент басшысы екпе салуда бел­сенділік танытып, ұжымдық иммунитет қалыптастырсақ, қалыпты өмірге қайта ора­луға мүмкіндік артатынын айтып, тұрғын­дарды вакцина қабылдауға шақырды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<