Жұбанда медициналық бекет салынуда

649

0

Сарыкөл ауылдық округіне қарасты Жұбан елді мекенінде медициналық бекет құрылысы салынып жатыр.

Жұбандықтар үшін маңызы жоғары бекеттің құрылысы қазан айында басталған. Бүгінгі таңда мердігер мекеме «Ахат+ГС» ЖШС құрылыс жұмыстарының 80 пайызын аяқтап, абаттандыру жұмыстарына кіріскен.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекенге арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Мердігер мекеменің жауапты қызметкерін мән-жайды баян соң аудан басшысы ең бірінші кезекте құрылыстың сапасына мән беру қажеттігін айтты. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтау үшін жұмысты қарқынды жүргізуді тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<