20 жыл бойы күткен кубок

352

0

  – Биыл мен үшін жемістіәрі жаңашылдыққа толы жыл болды. Өйткені командаммен бірге жаңа жеңістерге қол жеткіздім. Жанкүйерлер 20 жыл күткен кубокты жеңіп алдық. Чемпионат бас­талмас бұрын екі ай Түркияда жаттықтық. Өткен жылғы тапсырмамызды орындап, биыл үштікке кіреміз немесе кубокты аламыз деп мақсат қойдық.

Біз бар күшімізді осы кубокқа жұмсадық десек те болады. Әрине, бұл оңайлықпен келген жеңіс емес.«Оңтүстік Академия», «Ертіс», «Тобыл», «Атырау» секілді азулы командаларды жеңіс жолынан тайдырдық. Ендігі мақсат белгілі, Еуропа лигасында өзімізді тағыбір дәлелдеуіміз керек. Еселі еңбегіміз бағаланып, аймақ басшысының «Сыр үміті»жастар сыйлығының иегері атандым. Сонымен қатар қыркүйек айында шаңырақ көтердім. Бұл да осы жылғы қуанышымның бір бөлігі.

Келер жылы бізді жауапты ойындар мен Еуропа лигасы күтіп тұр. Қаңтар, ақпан айында жаңа құраммен толығып, тиянақты дайындықты жалғастырамыз.

Думан Нәрзілдаев, 
«Қайсар» футбол клубының ойыншысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<