54 гол соққан Роналду 2023 жылдың үздік cұрмергені атанды

1705

0

Криштиану Роналду. Фото: instagram.com/cristiano

38 жастағы португалиялық футболшы Криштиану Роналду 2023 жылдағы 54-голын соғып, үздік сұрмерген атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Футболдан Сауд Арабиясы чемпионатының кезекті матчында «Әл-Наср» клубы «Әл-Таавунды» 4:1 есебімен жеңді. Осы матчтың соңғы минуттарында «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду 2023 жылдағы 54-голын соқты. Сөйтіп португалиялық футболшы гол саны бойынша «ПСЖ» шабуылшысы Килиан Мбаппе мен «Бавария» ойыншысы Харри Кейнді артта қалдырды. Ол екеуінің қоржынында 52 голдан бар. Бір жылда 54 гол салу – Роналду 2016 жылдан бері жеткен үздік нәтиже. Осы нәтижеден кейін ол Instagram желісінде жазба жариялады. «54 – қашан аяқтайтынымды өзім айтам! Рақмет, команда!», – деп жазды футболшы.

Бұған дейін Роналду дубль саны бойынша «Интер Майамидің» шабуылшысы Лионель Мессимен теңескенін жазғанбыз. Ол «Әл-Наср» мен «Әл-Иттихад» клубы арасындағы кездесуде 157-дублін жасаған еді.

Қазір «Әл-Наср» клубы футболдан Сауд Арабия чемпионатының турнир кестесінде 46 ұпаймен екінші орында тұр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<