Айсамалдың алтыны

587

0

«Сыр бойы» газеті өткен санында ғана Рахат Бекболаттың әлем кубогында алтын алғанын сүйіншілеген еді. Енді міне, Перуден тағы бір ақжолтай хабар жетіп, қызылордалық Айсамал алтыннан алқа тақты.

Айсамал жаһандық жа­рыста қыздар арасында 81 келіден жоғары салмақта сынға түсті. Жұлқа көтеруде 107, серпе көтеруде 137 ке­ліні бағындырып, қоссайыс нәти­жесінде 244 келімен Қазақстан қоржынына тағы бір алтын салды. Айта кетейік, ол өткен жылы Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласында болған Азия чемпионатында 2 мəрте күміс жүлде иеленген.

А.Сансызбаева Шиелі ау­данында дүниеге келген. Қазір Жалаңтөс Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыс­тық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде оқиды. Оған Арман Абдраев жəне Нұрсұлтан Бахрадин сынды бапкерлер тәлім береді.

Дүбірлі додада қазақстандық Жанәли Тұяқов үшінші орынды жеңіп алды. Осыған дейін Абылай Әуелханов пен Рахат Бекболат алтын алса, Гүлнұр Ыбырай қола жүлдеге қол жет­кізген болатын.

Әлем кубогында ел намысын облысымыздан төрт спортшы қорғады. Олардың қатарынан Рахат Бекболат пен Айсамал Сансызбаева Əлем кубогінің жеңімпазы атанды. Ал Азамат Төлеген мен Мейрамбек Əбді­халық 4-орынды иеленді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<