Ашық біріншілік аяқталды

1314

0

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының қолдауымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай үстел теннисінен  ашық біріншілік өткен болатын. Са­йыста ер және қыз­дардан құралған ойыншылар додаға түсті.

17 сәуірде ерлер арасында ойыншылар сынға түсіп, қорытынды бойынша бірінші орынды Қызылорда қаласынан Сү­йіндік Мәнтай жеңіп алды. Ал екінші және үшінші жүлдені Мұқтар Сейтқасым мен Қазалы ауданынан келген Рамазан Оразалы өзара бөлісті.

18 сәуірде өткен қыздар арасындағы жарыста Арал ауданынан келген Әйгерім Ідірісова топ жарды. Сондай-ақ қызылордалық Аружан Оразбай жүлделі екінші орыннан көрінсе, Қазалы ауданының спортшысы Фариза Махамбетжанова үшінші орынға тұрақтады.

Айта кету керек, алдағы уақытта «Қызылорда облысының үстел теннисі федерация­сы» ҚБ бірнеше рейтингілік және іріктеу турнирлерін өткізуді жоспарлап отыр.

Болат БАКУОВ,

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда

аграрлық-техникалық жоғары колледжінің дене тәрбиесі оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<