Асылжан Бақытжанұлы испан спортшысын нокаутқа түсірді

139

0

Алматыда өтіп жатқан АСА 105 турнирінде қазақстандық Асылжан Бақытжанұлы испан спортшысы Даниэль Толедоны бірінші раундта нокаутпен ұтты. Қарсыласы жағына тиген жойқын соққыдан кейін жер құшты.  Асылжан жекпе-жекті ширақ бастады. Қарсыласын әр сәт бақылауда ұстап, кездесуді ерте аяқтауға ұмтылды. Қарсыласының қателігін күтіп, өз мүмкіндігін мүлт жібермеуге тырысты. Қазақстандық спортшының жағынан ұрған бірнеше соққысы дәл тиіп, қарсыласы нокаутқа түсті.
Алматыдағы жекпе-жектерде қазақстандық спортшылар жиналған жұртқа жарқын жеңіс сыйлауда. Нұрсұлтан Қасымханов (10-2) беларусь спортшысы Иван Жвирблияны (7-5), Евгений Егембердиев (11-2) поляк Карол Селинскиді (17-9) бірінші раундта жеңіп шықты. Ал жарақат алып қалған Ермек Тлауов ресейлік Алихан Сулеймановқа жол берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз