«Қайраттың» ойыншысы үшінші мәрте әлемнің үздік қақпашысы атануы мүмкін

367

0

«Қайрат» ойыншысы Игита төртінші жыл қатарынан UMBRO Futsal Awards 2018 сыйлығына «Әлемнің үздік қақпашысы» аталымы бойынша үміткерлердің алғашқы ондығына ілінді, – деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.Үміткерлердің толық тізімі: Миодраг Аксентьевич (Сербия, «Тюмень») Гуитта (Бразилия, «Спортинг») Фернандо Лопес Перейра «Карека» (Бразилия, «Атлантико Эреким») Игита (Қазақстан, «Қайрат») Хесус Эрреро (Испания, «Интер») Михал Калуза (Польша, «Рекорд») Стефано Маммарелла (Италия, «Аква Сапоне») Алиреза Самими (Иран, «Мес Сунгун») Георгий Замтарадзе (Ресей, КПРФ) Хо Ван Я (Вьетнам, «Тай Сон Нам»).
Еске салайық, Игита осы номинацияда екі рет жеңіске жетті (2015 және 2016 жылдары) және төртінші рет осы титулға үміткер болып отыр.
 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<