«Қайсар» Қазақстан кубогы финалына шықты

291

0

 Кеше Қазақстан кубогы жартылай финалы аясындағы қарымта кездесу Қызылордада өтті.  «Қайсар» қостанайлық «Тобылмен» кездесті. Екі команданың ел кубогы жолындағы алғашқы ойыны 22 мамырда Қостанайда өтіп, онда «Тобыл» «Қайсарды» 1-0 есебімен жеңген еді.

Ойын бастала сала «қай­сарлық» ойыншы Тигран Барсегян әдеттегідей көзге түсті. Матчтың он алтыншы минутында қарсылас қақпасына алғашқы голды сүңгітіп, есеп ашты. Ал 67-минутта Куле Мбомбо команданың екінші голын салып үлгерді. Осыдан кейін қарсылас команда ойыншысы Артурас Жулпа 89-минутта «Тобылдың» ойындағы жалғыз голын салды.

«Қайсарлықтар» мұнымен тоқтап қалмады. Тигран Барсегян ойынның 96-минутында пенальтиде мүлт кетпей, тағы бір голдың авторы атанды. Осылайша, жерлестеріміз қостанайлықтарды 3-1 есебімен жеңіп, 20 жылдан кейін Қазақстан кубогының финалына жолдама алды. Енді, жерлестеріміз 22 қыркүйекте финалда «Атырау» командасымен бақ сынасатын болады.

Дәулет Қырдан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<