«Қазтрансгаз» турнир жеңімпазы

583

0

Шағын футболдан газ өндірісі саласында қажырлы еңбек етіп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан Тимур Қожаниязовты еске алуға арналған турнир өтті.

Дәстүрлі турнирді облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов салтанатты түрде ашты. Сонымен қатар, шарада «Интергаз Орталық Азия» АҚ облыстық филиалы кәсіподақ комитетінің төрағасы Нұрсұлтан Назаров қатысушыларға сәттілік тіледі.

Биыл төртінші мәрте өткізіліп отырған теңбіл доп додасына 10 команда, 200-ден аса спортшы қатысты.  Дүбірлі додада «ҚазТрансГаз» команда­сы жеңімпаз боп танылса, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы екінші орынды еншіледі. Ал облыс әкімдігінің командасы үздік үштіктің қа­тарынан табылды.

Сайыста сондай-ақ, облыс әкімдігі командасынан Әсет Өскенбаев «Үздік қақпашы» атанса, полиция департаменті командасы құрамындағы Уәлихан Дүйсенбі «Үздік қорғаушы» номинациясын иеленді. «Торғай Петролеум» командасынан Ға­лымжан Мұханбетжан «Үздік шабуылшы» номинациясына қол жеткізді. «Үздік ойыншы» номинациясына «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясынан Еркін Тобашев лайық деп танылды.

 

Рәпіш ТӨЛЕП,

Қорқыт ата атындағы

ҚМУ-дың 3-курс студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<