Француз журналисі Грегуар Марготтон 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының тобы туралы өз ойын айтты деп хабарлайды Sports.kz.
«Қағаз жүзінде топ өте әлсіз. Алайда футболда тосынсыйлар жиі кездеседі. Франция құрамасының 2022 жылы Катарда өтенін әлем чемпионатына қатысатына еш күмәнім жоқ. Менің ойымша, бұл бірінші матч (ред. – Украинамен) қалған командаларға әсер етеді. Үш ойын сериясы энергияны көп қажет қылмақ. 28 наурызда «көктер» Қазақстанға аттанады, бұл – ақырзаман», – деді Марготтон.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан – Франция матчы 28 наурызда «Астана-Аренада» өтеді.
Осыған дейін Франция құрамасы топтық кезеңнің алғашқы матчында Андрей Шевченко жаттықтыратын Украинамен кездесті. Тартысты өткен ойында тең есеп тіркелді.
Матчтан кейін сұқбат берген Францияның бас бапкері Дидье Дешам тең есепке көңілі толмайтынын жеткізіп, Қазақстанға жеңіс үшін баратынын мәлім етті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<