Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Дубайда матчқа қатысудан бас тартты

4077

0

Фото: Sports.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Дубай WTA 1000 турнирінің ширек финалдық ойынына қатысудан бас тартты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Championat.com сайтының хабарлауынша, қазақстандық теннисші асқазан-ішек жолдарының ауруына қатысты осындай шешім қабылдаған. 

Елена Рыбакина бүгін ширек финалда әлемнің 26-ракеткасы, италиялық Ясмина Паолинимен кездесуі тиіс болатын. Бірақ отандасымыз кортқа шықан жоқ. 

Осылайша, италиялық спортшы еш қиындықсыз жартылай финалға жолдама алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<