Ертең республикалық веложарыс басталады

982

0

Ертең Қызылорда қаласында велоспорттан тұңғыш Әлем чемпионы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері Марат Сатыбалдиевтің жүлдесіне арналған 15-16 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында республикалық дәстүрлі жарыс басталады.

Жарысқа Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 92 велошабандоз қатысады.Жарыс үш кезең бойынша өткізіледі.

Бірінші кезеңінде ұлдар 70 шақырым, қыздар 50 шақырым топтық жарыстар, екінші кезеңінде ұлдар 70-80, қыздар 50-60 шақырым топтық айналым жарыстар, үшінші кезеңінде ұлдар 25, қыздар 15 шақырым критериум жарыстарында бақтарын сынайды.

Қызылорда облысының намысын 46 спортшы қорғайды. Оның 37-сі ұлдар, 9-ы қыздар. Республикалық жарыс 18 сәуір күні қорытындыланады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<