Футбол Чемпиондар лигасында «Бавария» «Барселонаға» 8 гол соқты

837

0

14 тамыз күні кешке Чемпиондар лигасының ширек финалында «Бавария» клубы «Барселонаны» 2:8 есебімен жеңді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ойын Лиссабондағы «Эштадиу да Луш» стадионында өтті. Неміс командасының құрамынан Томас Мюллер (4 және 31-минутта), Иван Перишич (21), Серж Гнабри (27), Йозуа Киммих (63), Роберт Левандовский (82) және Филипе Коутиньо (85, 88-минутта) гол салды.

Ал испаниялықтардың ішінде Давид Алаба ( ойынның 7-минутында автогол) және Луис Суарес (57) гол соқты.

Чемпиондар лигасының осы кезеңінде әлі күнге дейін ешбір команда сегіз гол соққан емес. «Бавария» плеф-офф матчында осынша гол салған бірінші команда болып тарихта қалды. 

Енді жартылай финалда «Баварияның» қарсыласы «Манчестер Сити» – «Лион» ойынының жеңімпазы болмақ. Бұл командалар 15 тамызда ойнайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<