Футболдан Қазақстан чемпионаты тоқтатылды

1008

0

Футболдан Қазақстан чемпионаты тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан кәсіпқой футбол лигасына сілтеме жасап.

«Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады. Шектеу іс-шараларының ішінде спорттық жарыстарды өткізуге тыйым салынды. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың одан әрі ушығуына байланысты шектеу шаралары 2 аптаға ұзартылуы немесе күшейтілуі мүмкін», делінген лиганың ресми сайтындағы ақпаратта.

Осылайша, футболдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионаты 14 күнге уақытша тоқтатылды. Айта кетейік, футболдан ел біріншілігі 1 шілде күні жалғасқан болатын. Командалар әзірге 3 ойыннан өткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<