Футболдан Қазақстан құрамасы ақпан айында жолдастық матч өткізеді

2034

0

Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан құрамасы жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Kazinform. 

Бұл кездесу наурыз айында УЕФА Ұлттар лигасы плей-офф сатысында Грекияға қарсы ойынға дайындық барысында болады.

Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев айтты.

«Алдағы ойынға жоспар құрып жатырмыз. Еліміздің барлық клубы ұлттық құрамаға көмектеседі деген үміттемін. Ақпан айында жолдастық ойын өткіземіз. Ұлттық құрама футболшылары бір апта бойы дайындықтан өтеді», – деді Адиев Qazsport телеарнасына берген сұхбатында.

Еске салсақ, Грекия – Қазақстан матчы Афиныда 21 наурызда өтеді. Жеңімпаз Еуропа чемпионаты жолдамасы үшін Грузия – Люксембург жұбындағы ең мықтымен ойнайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<