Каратэ-додан облыс біріншілігі өтті

512

0

№2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде ҚР Тәуелсіздігінің
30 жылдығына орай каратэ-додан облыс біріншілігі өтті.
Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберлігін арттыру, облыс құрама командасын анықтау мақсатында өткізілген сайысқа Байқоңыр, Қызылорда қалаларынан 6-15 жас аралығындағы спортшылар қатысты.
Нәтижесінде жалпы командалық есепте 7 алтын, 5 күміс, 14 қола медальмен №2 ОРМБЖМ -нің спортшылары бірінші орынды жеңіп алды.
Ал №6 ОРМБЖМ-нің командасы 6 алтын, 5 күміс, 13 қоламен екінші, №5 ОРМБЖМ-нің спортшылары 5 алтын, 4 күміс, 6 қола медальмен үшінші орындарды иеленді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<