Конор МакГрегор спорттық мансабын аяқтады

841

0

Аралас жекпе-жек өнерінің шебері, орта салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор спорттық мансабын аяқтады.

Бұл туралы ирландиялық спортшы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Мен карьерамды аяқтауды жөн деп шештім. Керемет естеліктер үшін рахмет! Бұл даңқты жол болды! Мынау Лас-Вегаста өткен чемпиондық жекпе-жектерімнің бірінен кейін анам түсірген сурет. Арманыңдағы үйді таңда, мен сені сүйемін! Қалағаныңды жасаймын», – деп жазды Макгрегор.

Айта кетейік, бұл МакГрегор-дың спорттан кетемін деген алғашқы мәлімдемесі емес. Бұған дейін ол 2019 жылдың наурызында спортпен қоштасатынын айтып, бірақ кейін октагонға қайта оралған еді. Ал карьерасын аяқтайтыны туралы алғаш рет 2016 жылдың сәуірінде хабарлаған. Алайда сол жылы тамызда жекпе-жек өткізген еді.

фото: vestikavkaza.ru


Дереккөз: inform.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<