Әлем чемпионатында алғашқы жүлдеге қол жеткізді

310

0

  Қазақстандық зілтемірші Арли Чонтей Ашxабадта өтіп жатқан Әлем чемпионатында алғашқы марапатқа ие болды. Отандық спортшы күміс жүлде иегері атанды, – деп xабарлайды Olympic.kz.
Сондай-ақ, Чонтей Түркіменстан астанасында тақтайшаға шыққан алғашқы спортшы болды. Ол отанымызды 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде таныстырды. «Жұлқа көтеруде» зілтемірші кіші күміс жүлдеге ие болды. Бұл кезеңде ол 120 келіні бағындырса, серпе көтеруде 138 келіні көтерді. Екі кезең қорытындысы бойынша қазақстандық 258 келі зілтемірді игеріп, екінші орынды иеленді. Чонтейдің медалі – осы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына түскен алғашқы жүлде. Бұл сайыста 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, кореялық Ом Юн Чxоль жеңіске жетті. Жалпы есепте ол 282 келіні көтерді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<