
Матч «УСМ Бель-Аббес» командасының басымдығымен (1:0) аяқталды. Жеңіліс алаң иелері жанкүйерлерінің ашу-ызасын туғызды. Олар орындықтарды жұлып алып, полицейлерге лақтырды. Салдарынан 22 фанат пен 18 полицей зардап шекті. Сондай-ақ, 10 полиция көлігі мен жедел жәрдем каретасы қираған. Суық қару мен есірткі табылған 42 жанкүйер ұсталды.
Алжир құқық қорғау органдары келеңсіз жағдайды тексеріп жатыр.