Министр Денис Тен атындағы академияны ашу туралы: Анасымен ақылдасып жатырмыз

755

0

Еліміздің Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Денис Тен атындағы мəнерлеп сырғанау академиясын ашуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда Денис Тен атындағы мəнерлеп сырғанау академиясын ашуды жоспарлап жатырмыз. Академияның өз мұз алаңы болады. Денистің анасы Оксана Алексеевнамен ақылдасып жатырмыз. Академия ашу жан-жақты талқылау мен уақытты талап етеді. Әрине, Денис Тенді отандық спорт пен мәдениеттің дамуына зор үлес қосқан жарық жұлдыз деп айтуға болады. Ол академия ашуды өзі жоспарлап, армандаған. Сондықтан да біз бұл істі қолдаймыз және жүзеге асырамыз», – деді Ақтоты Райымқұлова елордада өтіп жатқан ұлттық мектеп спорт лигасы барысында.

Еске сала кетсек, министрлік Алматыда Денис Тен атындағы Global Figure Skating мəнерлеп сырғанау академиясын ашу туралы өткен жылы хабарлаған еді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордада отандық спортшы Денис Теннің құрметіне мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир өтеді .

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<