\»Өнер барысы\» қорытындыланды. Жеңімпаз кім?

182

0

Облыстық «Жастар ресурстық орталығында»  «Өнер барысы» жарысы қорытындыланды. Бірде-бір кәсіпқой спортшысыз өткен сында 21 қатысушы ептілігін көрсетті.
Нәтиже көңіл көншітеді. Бастысы, жиналған жанкүйерлер дән риза. Төрешілер де әділ бағасын беріп, мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысы бойынша 75-ке дейінгі салмақта өнер көрсеткендердің ішінен асаба Асылхан Дүкенбаевтың қанжығасы майланды.
  Асылхан І орынды еншіледі, алайда өзінің жүлдесін дайындықтарда бірге шыңдалған досы Бекзат Молдабергеновке табыстап, ерекше мәрттіктің үлгісін көрсетті. Айта кету керек, әнші Бекзат төрешілер шешімімен ІІ орынға лайықты танылған болатын. Ол сахнада ғана емес, шаршы алаңда да өнерлі болып шықты. Осылайша, шымырлығымен, шеберлігімен көптің есінде қалды. Ал, жүлделі ІІІ орын әнші Әлішер Абдрамановқа бұйырды. 75-тен жоғары салмақта өнер көрсеткендер ішінен І орынды актер, асаба Ақылбек Скендіров еншіледі. ІІ орын жайдарманшы Нұрперзент Болатқа табысталса, ІІІ орынды орталық қызметкері Олжас Балтахожа алды.
 Жеңімпаздарға «Мағжан и К» ЖШС, қаладағы «Биали» спорттық киімдер дүкенінің және «ECOPHARM» ЖШС демеушілігімен арнайы белбеу мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз