ОБЛЫС ҚҰРАМАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

363

0

Қызылордада тоғызқұмалақтан ересектер арасында облыстық жекелей чемпионат өтті. Жарысқа қала мен аудандардан 80-ге жуық спортшы қатысып, ел чемпионатына баратын облыс құрамасы анықталды. 

Жарыс нәтижесінде классика түрінен ерлер арасында Бексұлтан Бостандықов жеңімпаз атанса, Рауан Ыбырай екінші, Бексайыр Айтмаханов үшінші орындарды иеленді.

Қыздар арасында Ақерке Кенжебекованың мерейі үстем болды. Ал Ұлдана Махамбетамин екінші, Қызжібек Әбілда үшінші орынды еншіледі.

Блиц түрі бойынша ерлер арасында Ермұхамед Әлайдарға тең келер ешкім болмады. Асылбек Қаржаубаев күміс, Дамир Ахметов қола жүлдені иеленді. Ал қыздар арасында Қызжібек Әбілда алғашқы орыннан көрінсе, қалған орындарды Бекзат Әмір мен Ұлдана Махамбетамин бөлісті.

Облыстың аға жаттықтырушысы Хәкімжан Елеусіновтің айтуынша, облыс спортшылары 21-27-ші қаңтар аралығында Ақтөбеде ерлер арасында, 14-20-шы ақпан аралығында Көкшетауда әйелдер арасында өтетін ҚР командалық чемпио­наттарында бақ сынайтын болады.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<