Азия чемпионы атанды

497

0

Соло қаласында (Индонезия) шахматтан 20 жасқа дейінгі жастар арасында өткен Азия чемпионатында Сыр спортшылары 2 алтын, 1 қола медаль иеленді.

Классика бойынша сынға түскен Əсел Серікбай Азия чемпионы атанып, халықаралық ФИДЕ шеберін орындады.

Ал, Назерке Нұрғали блицтен алтын алса, рапидтен қола жүлдені еншіледі.
Дүбірлі додаға Сұлтан Аманжолда қатысып, шеберлігін шыңдады.

Айта кетейік, Қазақстанның атынан қызылордалық шахматшылар ғана өнер көрсетіп, ел қоржынына 3 медаль салды.

Үстіміздегі жылдың қазан айында Үндістанда өтетін Əлем чемпионатына жастар арасында Əсел Серікбай мен Назерке Нұрғали, жасөспірімдер арасында Сұлтан Аманжол шеберлік байқасады.

1ОРМБЖМ-де тəлім алатын шахматшыларды жарысқа Василий Шимелков пен Риза Қошқарова дайындады. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<