ПСЖ Месси туралы шешім қабылдады

692

0

ПСЖ клубы аргентиналық Лионель Мессимен келісімшартын ұзартуға ниетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

ПСЖ жеті «Алтын доп» иегерінің ойынына тәнті. Париждық клуб 2023 жылы аяқталуы тиіс келісімшартты ұзарту үшін келіссөздер жүргізуді бастайды. Олар Мессиді тағы бір жыл ұстап қалуға ниетті.

Бұған дейін Мессидің «Барселонаға» қайтуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған еді.

Месси «Барселонадан» 2021 жылдың жазында кетті. Каталониялық клуб сапында ол 520 ойын өткізіп, 474 гол мен 216 нәтижелі пас авторы атанды. Командамен бірге футболшы 35 титул жеңіп алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<