Қазақ күресінен әлемнің үш дүркін чемпионы коронавирус жұқтырды

773

0

Қазақ күресінен әлемнің үш дүркін чемпионы, «Әлем Барысы» жеңімпазы Айбек Нұғымаров коронавирус диагнозымен ауруханаға түсті, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Белгілі спортшы Семей көлік колледжінің директоры қызметін атқарады. Оның вирус жұқтырғаны туралы қала әкімдігі хабарлады.

«Бүгін Семейде COVID-19 диагнозымен аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде Семей колледждерінің екі директоры – Электротехникалық колледж директоры Азат Сәрпеков және Семей көлік колледжінің директоры, қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы және «Әлем Барысы» турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров түсті», – деп хабарлайды Семей әкімдігі.

Әкімдік қала мен елдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлап жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, Нұғымаров коронавирус жұқтырған алғашқы қазақстандық спортшы. Ол қазақша күрестің еліміздегі ең танымал өкілі.

Massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<