Қазақстан құрамасының экс-хоккейшісі АҚШ-та қала мэрі болып сайланды

900

0

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Брэндон Боченски Американың Гранд Форкс қаласының ұзақ жылдар мэрі болған Браунды жұмсақ креслосынан ығыстырып, оның орнын басты, деп хабарлайды zakon.kz.


grandforksherald порталының хабарлауынша, бұрынғы хоккейші және қазіргі бизнесмен Боченски Браунды ғана емес, қалалық иммиграциялық қызметтің қызметкері Робин Дэвидті де сайлауда жеңіп кетті.


5 ай бойы талмай еткен еңбектен кейін, әрине, оның нәтижесі үшін қуануыңыз керек. Менің ойымша, қала өзгеруге дайын болды, біздің де артықшылығымыз осы бір ең үлкен атрибутты енгізуге дайын болдық, қаланы алда үлкен өзгерістер күтіп тұр, әрине жақсы жағына, – деді Боченски хоккей матчы аяқталған кезде түсініктеме беріп жатқандай.


Боченски 5 663 дауыс немесе 49,62% жинады. Браунда 3 360 дауыс немесе 31,81%, ал Дэвидте 1 989 дауыс немесе 17,43% болды.
Боченский Қазақстан құрамасымен үш әлем чемпионатына қатысып әрі капитан болды. Ұлттық құраманың құрамында ол 15 кездесу өткізіп, 12 (5 + 7) ұпай жинады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<