Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов үш титул үшін жекпе-жекте жеңіске жетті

1386

0

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) Мексиканың Куэрнавака қаласында титулдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Онда ол Голландия боксшысы Стивен Даньомен (17-3-3, 6 КО) кездесті. Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа белгіленді. Жеңімпазға бірден үш аймақтық чемпион белдігі – WBA Continental, NABF және WBC Francophone берілуі тиіс болды.

Жекпе-жек төрешілердің бірауыз шешімі бойынша қазақстандықтың жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Садриддин Ахмедов бірден үш белдікті иеленіп, он екінші жеңісіне қол жеткізді. Стивен Даньо осымен төртінші рет жеңілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<