Қызылордада дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

5928

0

Фото: Облыс әкімдігі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Аймақ басшысы тұрғындарды жаңа нысанының ашылуымен құттықтады.

«Мемлекет басшысы «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек» деген еді.

Бүгінде елімізде салауатты өмір салтын қалыптастыруға айрықша назар аударылып, бұқаралық спортты дамыту стратегиялық басым бағыттың біріне айналды. Облыста бұқаралық спортпен шұғылданатын тұрғындар үлесі 38 пайызға, яғни, 328 597 адамға жетті. Халықты бұқаралық спортпен шұғылдануға ынталандыру үшін талапқа сай келетін спорт нысандарының қолжетімді болуы маңызды. Облыс орталығында 7 мың орынға арналған Орталық стадион және жабық бассейні бар көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Үстел теннисі орталығының құрылысын да бастамақпыз. Аудандарда 2,6 млрд теңгеге 11 дене шынықтыру кешені салынуда, бүгінде 6-уы тапсырылды, қалғаны жақын күндері пайдалануға беріледі. Соның бірі – бүгінгі денешынықтыру-сауықтыру кешені. Осы кешен болашақ чемпиондардың үлкен спортқа жасаған қадамына алғашқы баспалдақ болсын!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Рәсімде қазақ күресінен Әлем чемпионы, «Сыр барысы» Нұрым Сәлімгереев жерлестерін құттықтап, Тасбөгет кентінің ардақты ақсақалы, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы Төлеш Әлиев бата берді. Сондай-ақ, құрылысты салуға атсалысқан мердігер мекеменің қызметкерлері және кенттің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды.

Айта кетейік, жаңа нысан құрылысына облыстық бюджеттен 514,5 млн. теңге бөлінді, 100 орынға лайықталған кешенді «Интегрострой» ЖШС салды.

Биыл облыс спортшылары әлемдік ареналарда жоғары табыстарға қол жеткізіп, Тәуелсіз еліміздің мәртебесін асқақтатты. Жыл басынан бері ел чемпионаттары мен кубоктарында мыңнан аса медаль (1158, 376 алтын, 358 күміс, 424 қола), Әлем және Азия чемпионаттарында 245 медаль (94 алтын, 71 күміс, 80 қола) алды. Қытайдың Хуанчжоу қаласында өткен XIX Жазғы Азия ойындарында 6 спортшы, IV Жазғы Пара Азия ойындарында 3 спортшы сәтті өнер көрсетіп, жүлдемен оралды. Будапештте каратэден өткен Әлем чемпионатында Мөлдір Жаңбырбай Әлем чемпионы, самбодан жасөспірімдер арасында Нұржан Тумырзаев жеңімпаз атанды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<