Қызылордалықтар – республикалық чемпионат жеңімпазы

629

0

Тараз қаласында наурыз айының 2-7 күндері тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының  ерлер арасындағы командалық чемпионаты өтті.

Жарысқа 15 команда, 89 спортшы қатысты. Оның ішінде ҚРЕССШ -2, ХДСШ-13, СШ-18, СШҮ-48, 1-дәрежелі 8 спортшы бар. Командалар әрқайсысы тоғыз кездесу өткізді.

Бес күнге созылған жарыстың қорытындысында бас жүлдені Қызылода облысының құрамасы жеңіп алды. Ал жүлделі 1-ші, 2-ші орындарды Павлодар, Ақтөбе облысының спортшылары иемденді. Жерлестеріміз мына құрамда өнер көрсетті. Хәкімжан Елеусінов, Сәбит Шүленбаев, ҚР спорт шеберлігінің нормативін орындады. Жерлес тоғызқұмалақшыларға «Жарайсыңдар жігіттер!» Бұл жеңіс аналар мерекесіне тартқан үлкен сый болды. Алар асуларың көбейе берсін.

Мұхтар СӘЛМЕН,

тоғызқұмалақтан облыстық атаулы мектептің иегері,

 ҚР білімі беру ісінің үздігі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<