ҚР Ауыр атлетика федерациясының президенті болып Жанат Түсіпбеков сайланды

500

0

Алдағы төрт жылға Қазақстан Ауыр атлетика федерациясының президенті болып Жанат Түсіпбеков қайта сайланды. Сайлау конференциясының қатысушылары Түсіпбековтың қайта сайлануын бірауыздан қолдаған. Дереккөз: Sport.inform.kz

ҚР Ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбековтің өзі атап өткендей, ол антидопингтік саясатты күшейту жұмыстарын жалғастырады және спортшыларды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асырады.

Сондай-ақ, федерациясының президенті жергілікті ауыр атлетика федерацияларын дамытып, инвестиция тартпақ.

 «Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті, бас хатшы, бес құрлықтық федерация президенттері бір іс-шарада бас қосуы өте сирек жағдай. Бұл – еліміздегі ауыр атлетика  спорты саласындағы Жанат Түсіпбековтің орнының қандай екенін білдіреді», – деді ҚР ААФ бас хатшысы Омар Мұстафин.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<