Роналду Мессидің рекордын жаңартты

955

0

Чемпиондар лигасында туриндік «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду «Барселона» ойыншысы Лионель Мессидің рекордын жаңартты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке селтіме жасап.

Криштиану Роналду топтық кезеңнің бесінші турындағы матчта жаңа рекорд орнатты. Онда «Ювентус» киевтік «Динамоны» 3:0 есебімен жеңді.

Матчта бір голды Криштиану Роналду соқты. Осылайша, португалиялық футболшы Чемпиондар лигасындағы 71-голын соғып, Лионель Мессидің рекордын жаңартты. Ол 70 гол соққан еді.

Жалпы Криштиану Роналду карьерасында 750-голды соққан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<