Сабина Алтынбекованың алдына шыққан кім?

785

0

Грецияның Gazzetta басылымы планетаның ең сұлу волейболшысын атады. Ол – 25 жастағы ресейлік ару Алиса Маненок. Бұған дейін осы атақты иемденіп келген Сабина Алтынбекованың алдына шығып отырған Алиса Қазан қаласында тұрады.

Алиса спортпен жас кезінен бастап айналыса бастаған. Алғашқыда оның таңдауы жүзу болса, 14 жасқа толғанда волейболға қызығушылығы артады. Ол Н.Н.Дубинин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат түлегі. Мектептен кейін «Приморье» командасының жастар құрамында ойнаса, кейінірек ересектердің құрамына ауысады. Ал Казан федералдық университетінің журналистика және әлеуметтану факультетіне оқу түскеннен кейін осы білім ордасының құрамасында ойнай бастайды. А.Маненок спортты модельдік бизнеспен қатар алып келеді. Ол түрлі сұлулық байқаулары мен сән көрсетілімдеріне қатысып жүр.

2018 жылы Алиса Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өткен World Beauty Queen конкурсына Ресей атынан қатысып, бірінші орынды жеңіп алды. Қазір Казан қаласында тұрып жатыр. Казан университеті құрама командасының ойыншысы

ТОП-10 тізімі: 1. Алиса Маненок (Ресей, 25 жас)

2. Сабина Алтынбекова (Казақстан, 23 жас)

3. Клара Перич (Хорватия, 22 жас)

4. Джейми Роббинс (АҚШ, 22 жас)

5. Зехра Гюнеш (Түркия, 21 жас)

6. Уинифер Фернандес (Доминикан, 25 жас)

7. Луиза Липпманн (Германия, 25 жас)

8. Бьянка Буша (Сербия, 26 жас)

9. Саманта Брисио (Мексика, 25 жас)

10. Мария Стенцель (Польша, 21 жас

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<