Самбошылардың 7 медалі

447

0

Нью-Дели қаласында (Үндістан) самбодан жасөспірімдер, жастар жəне ересектер арасында Азия чемпионаты өтті. Дүбірлі бəсекеде Сыр спортшылары 4 алтын, 3 күміс медаль иеленді.

Атап айтсақ, Қызылорда қаласының самбошылары Бибіхан Нəбиева (48 келі),  Наргиз Воисова (56 келі), Аружан Сатова (60 келі) жəне  жалағаштық Арайлым Оразбай (80 келі) алтын медаль жеңіп алды.

Ал Жанерке Асқарова (48 келі), Аружан Темiрғали мен Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылының спортшысы Диана Ғайбулла (екеуі де 52 келі) Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

– Азия чемпионатына Қы­зылорда облысынан 7 спортшы қатысып, барлығы да ел қоржынына медаль салды. Енді 28 қыркүйек – 9 қазан аралығында Шымкентте Əлем чемпионатының алдындағы оқу-жаттығу жиыны өтеді. Əрі қарай 10 қазанда  Ташкентте  Əлем чемпионаты басталады. Оған осы орын алған 7 спортшымен қоса жерлесіміз Шыңғыс Мұқанғалиев қатысады,– деді самбодан жасөспірімдер арасында  облыстың аға жаттықтыру­шысы Дархан Сержанов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<