Сарапшы күтпеген жерден Головкин мен Чарлоның айқасын «белгіледі»

324

0

Boxingscene.com журналисі Стивен Эдвардс келесі жылы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) немесе мексикалық  Сауль Альварес (50-1-2, 34 КО) америкалық Джермалл Чарломен (27-0, 21 КО) айқасуы тиіс деп есептейді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
«Чарло «Канеломен» немесе GGG-мен айқасқа лайық. Келесі жылы олар онымен кездесуі тиіс. Егер «Канело» белбеуді босатса, бұл  «жалтару» болып саналады. Дәл қазір Чарло өте қауіпті, Головкин мен «Канело» онымен жұдырықтасып, тәуекелге бармайды. Әзірге олар жалтарып жатқан жоқ, бірақ егер ондай жағдай болып жатса, келесі жылы оны мойындайтындардың алғашқысы боламын», – деп жазды автор.
ске салайық, бұдан бұрын WBC Головкин – Чарло элиминаторын Альвареспен айқасу құқығы үшін «санкциялаған» еді. Екі боксшы тарапынан да бұл идея қолдау тапқан жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<