Сенім арқалаған саңлақтар

594

0

Былтыр еркін күрестен Дәулет Ниязбеков пен бокстан Қамшыбек Қоңқабаев Токио олимпиадасына жолдама алып, жергілікті жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді. Дүние жүзін дүрліктірген қатерлі індет салдарынан өтуі биылға жоспарланған дүбірлі додаға баратын жерлестеріміздің қатары әлі де толығуы мүмкін.


Алдағы күндерде спорттың көптеген түрлерінен іріктеу тур­нирлері өткізіледі. Сыр өңі­рінің сенім артқан саңлақта­ры арасынан каратэ-до, дзюдо жә­не өзге де айтулы аламан­дарда атой салып, жолдама са­нын толықтыратын жастар бар­шылық.
Қос саңлағымыз бұдан бұрын да мұндай беделді бәсекелердің төрінде ойын көрсетіп, мол тә­жірибе жинақтаған.

Дәулет 2012 жылы Лондон олимпиа­да­сында бақ сынап қайтты. Әлем чемпионатында күміс және қола жүлдегер атанды. Азия чемпионатында үш мәрте бірінші, төрт мәрте үшін­ші орын алды. Ал бокстан ел құ­рамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Әлем және Азия чем­пионаттарында екі-екі мәр­те күміс жүлдегер болды. Енде­ше, олардың То­кио төрінде атой сала­ры­на сеніміміз кәміл.
Қызылорда ауыр ат­летикасында жаңа жұл­дыз жарқырап ке­­леді. Рахат Бек­болат есімді жас өре­­німіз Перудің Лима қала­сында ауыр ат­летикадан өткен он­лайн Әлем кубо­гын­да чемпион атан­ды. Ол жас­өс­пірімдер ара­сын­да 102 келі салмақ дә­режесінде қоссайыс қо­рытын­ды­сымен 319 келіні (140+179) ба­ғын­­дырды. Жас талан­тымыз 2020 жыл­дың ақпан айында Өз­­бек­стан астанасы – Таш­кент қа­ла­сын­да өткен Азия чемпио­на­тында чем­пиондық тұғырға кө­теріліп, серпе көтеруде әлем­­дік ре­кордты жаңартқан бола­тын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<