Шахматтан облыс біріншілігі өтті

730

0

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен №1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде шахматтан ерлер арасында облыс біріншілігі өтті.

Жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 46 спортшы қатысып, үздіктер анықталды.Облыс біріншілігінің мақсаты – мамыр айында Ақтөбеде өтетін Қазақстан чемпионатының жартылай финалына облыс құрамасын жасақтау, мықты спортшыларды анықтау. Бұл биылғы жылы ұйымдастырылған екінші жарыс, бұған дейін жасөспірімдер арасында облыс құрамасы анықталған болатын.

Алдағы уақытта 20 жасқа дейінгі спортшылар және ардагерлер арасында облыс чемпионаты өтеді.Айта кетейік, жарыстың ең кіші қатысушысы сегізде болса, ең үлкені 70 жаста болды.Біріншілік нәтижесінде 7 ұпаймен қызылордалық шахматшы, 4 дүркін Қазақстан жеңімпазы Сұлтан Аманжол жеңіс тұғырына көтерілсе, 6 ұпаймен жаңақорғандық Нұржан Бүженов – екінші, 5,5 ұпаймен қызылордалық Тимур Қасымов – үшінші орындардан көрінді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<