Шавкат Рахмонов UFC-дегі жеңісі үшін қанша гонорар алды?

866

0

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Біріккен Араб Әмірлігінде өткен ережесіз жекпе-жектен бразилиялық Алекс Оливейраны жеңіп, қомақты сыйақыға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстандық октагонға шыққаны үшін 10 000 доллар, жеңісі үшін де 10 000 доллар, сондай-ақ UFC-ден промоутердің 3 500 доллар бонусын алды. Бұдан басқа, қарсыласы Оливейра салмақ өлшеудегі сәтсіздігінен кейін Рахмоновқа 14 000 доллар «сыйлады».

Еске салайық, БАӘ-дегі «Жекпе-жектер аралында» өтіп жатқан UFC 254 турнирінде Рахмонов бразилиялық Алекс Оливейрамен кездескен. Шавкат Рахмонов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша, қазақстандық файтер ММА-дегі 13-жеңісіне қол жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<