Щацкий Орталық Азиядағы ең қымбат қақпашылардың тізіміне енді

1992

0

Фото: kazfootball.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий беделді Transfermarkt порталының нұсқасы бойынша Орталық Азиядағы ең қымбат қақпашылар тізіміне енді. Kazinform бұл туралы KazFootball.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тізімнің көшін Тәжікстан құрамасының және «Истиклол» қақпашысы Рустам Ятимов бастап тұр. Ол 900 мың еуроға бағаланды. Қазақстан құрамасының және қарағандылық «Шахтердің» қақпашысы Игорь Шацкий 600 мың еуромен 4-орынға жайғасты.

Өткен маусымда Игорь «кеншілер» үшін 26 матч өткізді, сонымен қатар Қазақстан құрамасының ЕУРО-2024 іріктеу кезеңіндегі барлық ойынында 90 минут ойнады.

Орталық Азиядағы ең қымбат қақпашылардың тізімі:

— Рустам Ятимов (Тәжікстан құрамасы/«Истиклол») — 900 мың еуро;

— Уткир Юсупов (Өзбекстан құрамасы/«Қоқан 1912») — 700 мың еуро;

— Абдувохид Нематов (Өзбекстан құрамасы/«Насаф») — 700 мың еуро;

— Игорь Шацкий (Қазақстан құрамасы/«Шахтер») — 600 мың еуро;

— Эржан Токотаев (Қырғызстан құрамасы/«Шанлыурфаспор») — 300 мың еуро;

— Расул Чарыев (Түрікменстан құрамасы/«Ахал») — 175 мың еуро.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<