Теннистен әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде – үздік ондықта

788

0

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде алғаш рет үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Билли Джин Кинг кубогының жаңартылған рейтингісінде ел құрамасы 16-дан бірден 9-орынға көтерілді. Қазақстан ұлттық құрамасы Ресей, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Польша секілді командаларды артқа қалдырды.

Қазақстандық қыздар биылғы сәуірде елордада Германия теннисшілерін 3:1 есебімен тізе бүктіріп, командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын. Әлемдік рейтингіде алғашқы он команда былайша орналасты: 1.Аустралия – 1002,71 ұпай; 2,Франция – 885,6; 3.Испания – 884,62; 4.Чехия – 842,92; 5.Швейцария – 881,81; 6.Канада – 780,09; 7.АҚШ – 758,09; 8.Словакия – 744,23; 9.Қазақстан – 704,75; 10.Германия – 702,52.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<