Тоғызқұмалақтан жекелей чемпионат онлайн өтті

357

0

iggamecenter.com сайтының тоғызқұмалақ алаңында онлайн жүйеде жастар арасында Қызылорда облысының жекелей чемпионаты өтті.

Чемпионатта Қызылорда қаласы мен аудандардан 50-ден аса қатысушылар рапид түрі бойынша өзара бақ сынасты.

Жарысты ұйымдастырушылар: облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасы, Тоғызқұмалақ Зияткерлік қауымдастығы.

Жарыс қорытындысы:
Қыздар:
I орын Амир Бекзат (Қызылорда)
II орын Мектепхан Нұрай (Сырдария)
III орын Дəуренбекқызы Əсем (Сырдария)
III орын Маханбетамин Ұлдана (Қызылорда)

Ұлдар:
I орын Пернебай Ерасыл (Сырдария)
II орын Нұрсейіт Нұрсұлтан (Жаңақорған)
III орын Кенжебек Ырыскелді (Қызылорда)
III орын Аманқос Марлен (Сырдария)

Жарыстың «Ең жас ойыншылары» номинациясына қызылордалықтар Ұлықбек Аяна мен Қашқынбай Құлмұхаммед ие болса, сырдариялық
Жандарбек Мөлдір мен қазалылық
Бақытберген Ақберен жақсы ойын өрнегін көрсетті.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге диплом, медальдар берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз