Токио Олимпиадасына баратын ресми тұлғалардың саны 115 процентке қысқартылмақ

437

0

Токиодағы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар шығындарды азайту бойынша ұсыныстар пакетінің аясында ресми тұлғалардың санын 10-15 пайызға қысқартуға ниетті. Бұл туралы ҚазАқпарат Киодо агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ойындар наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылған. Енді оны ұйымдастырушылар да, Халықаралық Олимпиада комитеті де бұрын болып көрмеген бір жылдық кешігуге байланысты оны қосымша шығындардан жеңілдетуді көздеп отыр. Атап айтқанда, ұйымдастыру комитеті нысандарды жарықтандыру мен қосымша қуат көздерінің санын азайтатын инфрақұрылым реформаларын ұсынды. Ойындарды жеңілдету шараларының аясында 52 пункт қарастырылып отыр.

Қайта қарау жоспары бойынша Олимпиаданың салтанатты ашылуы мен жабылуы рәсіміне адамдарды шақыру саны 20 пайызға қысқартылмақ, сондай-ақ ондағы тамақ пен сусынның мәзірі де қайта қарастырылады. Енді бұл Олимпиадаға қатысатын ресми тұлғалар және олармен байланысты топтарға қоғамдық көлікпен жүруіне тура келеді.

121 күндік эстафетаның ұзақтығы өзгермегенімен, оның штаттық кестесі мен қызметтік көліктерді пайдалану қысқартылады.



Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз