Тұрсынбайдың тұғыры тағы бір саты көтерілді

654

0

Қазақстандық боксшы, Сыр перзенті Тұрсынбай Құлахмет бірінші орта салмақтағы WBC International бос белбеуі үшін Ұлыбританияның Уэйкфилд қаласында жекпе-жек өткізді.

MTK Fight Night бокс кешінде жерлесіміз жеңіліп көрмеген британиялық Маколей Макгоуэнмен жұдырықтасып, ел намысын қор­ғады. ESPN мә­ліметінше, Құлах­мет – Макгоуэн жек­пе-жегі кештің екінші басты ай­қасы мәртебесін ие­ленген. Осыған қарағанда бұл жек­пе-жекке баса мән берілгені бай­қалады. Мұның се­бебі британдық бұған дейін кәсіпқой рингте 14 рет жеңіске жетсе, жерлесіміз 1 рет қана кездесу өткізген. Ол биылғы жылдың 23 тамыз күні Алматыда отандасы Сағадат Рахманқұловты ұтқан еді. Мамандарды осы жағдай да қызықтырған болуы мүмкін, ал, жергілікті жанкүйерлер Макгоуэнның жеңетініне сенген.

Бұл жекпе-жек 9 раундқа жоспарланған болатын. Жетінші раундта британдық бокс­шы Тұрсынбайдың тегеурінді соққысынан нокдаунға түсті. Бет-аузынан аяусыз соққы алған тұманды Альбион тарланы осылайша алғашқы жеңілістің ащы дәмін татты. Атой салған жерлесіміз сәл қателік жіберіп, рефери қазақстандық боксшының есебінен бір ұпай шегеріп тастаған еді. Бірақ, мұндай «артқа тартушылық» Тұрсынбайдың тұғырын аласартпады. Жерлесіміз, әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы енді құрлықтың менмін деген кәсіпқойларына күш атасын танымайтынын дәлелдемек.

Бұл – жеңістердің басы, жерлесіміздің мерейі үстем болсын, ағайын!

Дүйсенбек АЯШҰЛЫ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<