УЕФА рейтингі: Ең үздік қазақстандық клуб белгілі болды

1387

0

Еуропалық чемпиондар кубогы (қазір Чемпиондар лигасы ретінде танымал) тарихында ең үздік деп танылған клубтар: мадридтік «Реал», мюнхендік «Бавария» және каталониялық «Барселона». Қазақстандық клубтар арасында бірінші орында елордалық «Астана» тұр. УЕФА рейтингіндегі орны – 107.

Сондай-ақ алғашқы 200 клубтың қатарына «Ақтөбе» енді, тізімдегі орны – 145. Қарағандылық «Шахтер» – 230, Алматының «Қайраты» – 371, Павлодардың «Ертісі» – 422, Қостанайдың «Тобылы» 432-інші позицияға орналастырылды. Рейтингіге барлығы 526 клуб енген. ЕЧК/ЧЛ тарихындағы ең үздік 10 клуб:

1. «Реал»;

2. «Бавария»;

3. «Барселона»;

4. «МЮ»;

5. «Ювентус»;

6. «Милан»;

7. «Ливерпуль»;

8. «Бенфика»;

9. «Порту»;

10. «Аякс»

Қазақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<