Қызылордалық тоғызқұмалақшылар Қазақстан чемпионы атанды

414

0

Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан 9-15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен ҚР-ның жекелей чемпионатында жерлестеріміз 5 алтын,5 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.

Жекелей есепте Мөлдір Жандарбек (рапид) пен Ерасыл Пернебаев (блиц) марапат тұғырының жоғары сатысына көтерілді. Самат Қалдыбек блицтен алтын, Нұрила Мектепхан классикадан алтын, блицтен күміс жүлделерді жеңіп алды. Мадина Əлібек блицтен бірінші, классикадан үшінші орындарды иеленді. Классикадан Ернар Ертай күміс, Дамир Ахметов қола жүлделерді еншіледі. Блиц бойынша Назерке Аманжол мен Нұржігіт Сейілхан 3-орындарға ие болды. Əзімхан Махмутжан рапид, блиц жəне классикадан күміс жүлделерге қол жеткізді.

№2, 8, 11, 13 облыстық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде жəне №10 БЖСМ-де тəлім алатын спортшыларды жарысқа Білімжан, Біржан Елеусіновтер, Қуанышкүл Əшірбек, Салтанат Лекерова жəне Асхат Төлеміс дайындады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<