Жансая Әбдімәлік Қазақстан чемпионы атанды

1343

0

Алматыда 11-18 желтоқсан аралығында әйелдер арасында классикалық шахматтан өткен Қазақстан Чемпионатының финалы аяқталды. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР шахмат федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Турнир нәтижесінде Жансая Әбдімәлік ел чемпионы атанды.

2-орынға Гүлісхан Нақбаева, 3-орынға Әмина Қайырбекова табан тіреді.

Одан кейінгі орындар келесідей:

4-орын – Лия Кұрманғалиева, 5-орын – Әсел Серікбай, 6-орын – Гүлмира Дәулетова, 7-орын – Ксения Балабаева, 8-орын – Меруерт Камалиденова, 9-орын – Алуа Нұрманова, 10-орын – Лаура Әбділдаева.

Жарыс соңында жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті. Оған Алматы қалалық Спорт басқармасының басшысы Рүстем Бейсейітов, «Алматы қалалық Шахмат одағының» президенті Павел Новиков, «Спортты дамыту дирекциясы» директорының орынбасары Алексей Крючков және мемлекеттік бапкер Дастан Қапаев қатысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<