Жақас Қозбақ – республикалық турнирдің күміс жүлдегері

1067

0

Нұр-Сұлтан қаласында «Nur-Sultan Gold14& under » теннистен жасөспірімдер арасында өткен республикалық турнирде Сыр спортшысы Жақас Қозбақ күміс жүлдеге ие болды.

Ол бес кездесудің төртеуінде жеңіске жетсе, біреуінде жеңіліске ұшырап, 2-орынды иеленді.Ж.Қозбақ 2006 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.7 жасынан бастап теннис секциясына келген жас спортшы халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы жəне жүлдегері атанды.

2019 жылғы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері.Қазіргі таңда ол алдағы жарыстарға қатысу үшін дайындығын пысықтауда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<